Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 77-12/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 сәуірде № 5799 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 163-26/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.06.2018 № 16326/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

      2. "Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 48/2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5171 болып тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2015 жылы 21 қазанындағы № 82-83 (1199-1200) және "Кызылорда Таймс" газетінің 2015 жылы 21-27 қазанындағы № 42 (1297) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезекті мәслихатының хатшысы
      ХІІ сессиясының төрайымы
      С.БИХОЖАЕВА Р. БОХАНОВА
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің
      Мемлекеттік кірістер комитеті
      Қызылорда облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Қызылорда қаласы бойынша
      Мемлекеттік кірістер басқармасы"
      Республикалық мемлекеттік
      екемесінің басшысы
      Н.Нұрсеитов ________________
      "28" наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады