Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 163-26/10 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 6343 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 167-23/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 25.07.2022 № 167-23/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6бабының 1-13) тармағына және Қызылорда қаласы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 07-20/1880 хатына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылорда қаласының аймағындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 503-бабында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерi 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

      2. "Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 77-12/4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5799 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезекті ХХVІ сессиясының төрайымы
Л.ҚОЖАНИЯЗОВА
      Қызылорда қалалық мәслихатының
хатшысы
Р. БОХАНОВА
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ Н.Нұрсейітов
"08" маусым 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады