Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 тамызда № 5916 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.

      2. "Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 516 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4585 болып тіркелген, 2014 жылы 5 ақпанда "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "26" шілдедегі №267 қаулысына қосымша

Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

р/с

Елді мекен атауы

Орналасқан орны

1

Жаңақорған кенті

Ыбырай Алтынсарин көшесі, су қоймасының шығыс жағы

2

Шалқия кенті

Мұстафа Шоқай және Жібек жолы көшелері қиылысының шығыс жағы

3

Қожакент ауылдық округі

Абай Құнанбаев және Мұхтар Әуезов көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

4

Төменарық ауылдық округі

Рәзия Құлымбетова көшесі №11
 

5

Өзгент ауылдық округі

Үсен ата көшесінде орналасқан Өзгент орталық саябағы

6

Ақүйік ауылдық округі

Саду Баелов көшесі №2

7

Сүттіқұдық ауылдық округі, Тақыркөл ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, "Жиделі" су қоймасының шығыс жағы

8

Жайылма ауылдық округі

Жайылма елді мекенінен 7 шақырым қашықтықта орналасқан Қаратал елді мекенінің "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" автокөлік дәлізінің солтүстік бөлігі

9

Бесарық ауылдық округі,
Бесарық ауылы

Сейдахмет Таңқиев және Достық көшелері қиылысының оңтүстік жағы
 

Кеңес ауылы

Исатай Топышев және Шермағамбет ата көшелері қиылысының шығыс жағы

10

Манап ауылдық округі,
Манап ауылы

Жаншора Көпешов көшесі №1 үйдің шығыс жағы

Талап бекеті

Жұмағали Сейдалиев көшесі №7 үйдің шығыс жағы

11

Кейден ауылдық округі
 

Сырдария көшесі №48

12

Қыраш ауылдық округі
 

Тәуелсіздік және Қаратау көшелері қиылысының солтүстік жағы
Желтоқсан және Жаңа ауыл көшелері қиылысының солтүстік жағы

13

Қожамберді ауылдық округі

Шаймен және Байкенже Жантілесов көшелері қиылысының батыс жағы

14

Екпінді ауылдық округі

Есян Жексенбаев және Али Исаев көшелері қиылысының солтүстік батыс жағы

15

Аққорған ауылдық округі

Дінмұхаммед Қонаев көшесі №31А

16

М.Нәлібаев ауылдық округі

Абылайхан көшесі, су қоймасының солтүстік жағы

17

Қандөз ауылдық округі

Батырша Сейілбеков көшесінің (басы) батыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады