2017 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 15 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 5728 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3)тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Қ.Т.Мыңбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария ауданының әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "23" қаңтардағы
№15 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғайұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы

1.

Тауарлар:

1)

жиһаздарды сатып алу (оны алуға бөлінген сомада тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген төрт мыңнан бес мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған жағдайда)

2.

Жұмыстар:

1)

инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары

2)

бір қабатты және көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы

3)

сумен жабдықтау нысандарының және жүйелерінің құрылысы, қайта жаңғырту

3.

Көрсетілетін қызметтер:

1)

лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (оны алуға бөлінген сомада тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген төрт мыңнан бес мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады