Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2/194 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 маусымда № 1381 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 906 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда "Алматы ақшамы" газетінде және 2011 жылғы 20 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелеріндегі:

      3 тармақтың 11) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11) уәкілетті орган – Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.";

      14 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) коммуналдық автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру және Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полициясы басқармасының және өзге де мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жол қозғалысы ережелеріне сәйкес оларды орналастыру схемасын әзірлеуді;".

      2. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.

      3. Осы "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады