Cолтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 4405 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 315 (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 06.12.2019 № 315 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Cолтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің қоса берілген тізбесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеуді;

      2) осы әкімдіктің қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекетік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөнінде орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Қ. Ақсақалов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А.Мұхамедиұлы
      2017ж. желтоқсан 04

  Солтүстік Қазақстаноблысы әкімдігінің 2017 жылғы 05 желтоқсандағы № 485 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысындағы спортың басым түрлерінің тізбесі

Топтардыңатауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы

"А" тобы

Акробатика
Армрестлинг
Гір спорты
Каратэ кекушинкай
Кикбоксинг
Пауэрлифтинг, бодибилдинг
Президенттік көпсайыс
Спорттық бағдарлау (қысқы, жазғы)
Сурдлимпиадалық спорт түрлері (футбол,
шағын-футбол, жеңіл атлетика)
Таэквондо ITF (International taekwon-do federation- халықаралық таэквондо федерациясы)
 

Бокс
Баскетбол
Еркін күрес (ерлер, әйелдер)
Волейбол
Велосипед спорты (шоссе, трек, маунтинбайк)
Грек-рим күресі
Жеңіл атлетика
Жүзу
Семсерлесу
 

Биатлон
Коньки спорты Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей
 

Аударыспақ
Асық ату
Жекпе-жек
Қазақша күрес
Көкпар
Тоғыз кұмалақ

Мүгедектер спорты:
1.Көру бойынша:
Жеңіл атлетика
Шаңғы жарысы
Дойбы
Жүзу
Тоғыз құмалақ
Шахмат
Бадминтон
2.Тірек-қимыл аппараты зақымданған:
Жеңіл атлетика
Арбашамен жарыс
Шаңғы жарысы
Жүзу
Дойбы
Шахмат
Армрестлинг
Пауэрлифтинг
Үстел теннисі
Жатып сығымдау

"В" тобы

Белбеу күресі
Каратэ шинкиокушинкай
ММА (Mixed Martial Arts - аралас әскери өнер)
Шағын-футбол
Муайтай
Радиоспорт
Спорттық би
Допты хоккей

Су добы
Дзюдо
Үстел теннисі
Ауыр атлетика
Футбол
Көркем гимнастика
 

Керлинг

Аламан бәйге
Жорға жарыс
Құнан бәйге
Теңге алу

-

"С" тобы

Джиу-джитсу
Самбо

Каратэ-до
Батутта және акробатикалық жолда секіру
Спорттық гимнастика
Теннис

Шорт-трек

Қыз қуу
Сайыс

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады