2020-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 315 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда № 5714 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 5-тармағымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2020-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысында спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 қаулысының (2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4405 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К. Аксакалов

  Cолтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № _____ қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2020 – 2021 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің тізбесі

Топ атауы

Спорттың олимпиадалық емес түрлерінің атауы

Спорттың жазғы олимпиадалық түрлерінің атауы

Спорттың қысқы олимпиадалық түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

Параолимпиадалық спорт түрлерінің атауы

"А" тобы

Акробатика
Гір спорты
Жеңіл атлетика (сурдо)
Кекушинкай каратэ
Кикбоксинг
Қол күресі
Муай-тай
Пауэрлифтинг
Президенттік көпсайыс
Радиоспорт
Спорттық бағдарлау (қысқы, жазғы)
Спорттық би
Таеквон-до ITF
Шахмат

Ауыр атлетика
Баскетбол
Бокс
Велосипед спорты (шоссе, трек, маунтинбайк)
Грек-рим күресі
Еркін күрес (ерлер, әйелдер)
Жеңіл атлетика
Жүзу
Классикалық волейбол

Биатлон
Конькимен жүгіру спорты
Керлинг
Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей

Асық ату
Жекпе-жек
Қазақ күресі

Мүгедектер спорты:
көру бойынша
Дойбы
Жеңіл атлетика
Жүзу
Тоғыз құмалақ
Шаңғы жарысы
Шахмат
тірек-қимыл қозғалыс аппаратының бұзылуымен
Арбада билеу
Дойбы
Жатып сығымдау
Жеңіл атлетика
Жүзу
Қол күресі
Пауэрлифтинг
Үстел теннисі
Шаңғы жарысы
Шахмат

"В" тобы

Белбеу күресі
Джиу-джитсу
Допты хоккей
Шинкиокушинкай каратэ
Қоян-қолтық ұрыс
ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек
Самбо
Спорттың өрт-қолданбалы түрі
Футбол (сурдо)
Шағын футбол (сурдо)
Шағын футбол

Батуттық гимнастика
Дзюдо
Көркем гимнастика
Спорттық гимнастика
Семсерлесу
Үстел теннисі
Футбол

Шорт-трек

Аударыспақ
Аламан бәйге
Көкпар
Құнан бәйге
Тоғыз құмалақ

-

"С" тобы

Альпинизм
Кудо
Кунг-фу
Ушу

Каратэ-до WKF
Теннис
Таеквондо WTF

Тау шаңғы спорты

Жамбы ату
Теңге ілу

-

      Аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      Таеквон-до ITF – Интернейшинел Таеквон-до Федерейшн (Таеквон-до International taekwon-do Federation);

      ММА – Миксд Мартиал Артс (Мixed Martial Arts);

      Каратэ-до WKF – Уолд каратэ-до Федерейшн (Каратэ-до World Karate-do Federation);

      Таеквондо WTF – Уолд таеквондо Федерейшн (Таекводо World taekwondo Federation).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады