Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 4163 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 12.07.2017 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 3 хаттамасы негізінде, Петропавл қаласының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі қалалық аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Петропавл қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады