Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 333 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 5358 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.01.2020 № 6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15509) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларының 33-тармағына, Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның 2017 жылғы 2 қарашадағы № 5 хаттамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінересми жариялау және енгізуүшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде облыстың аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Омаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
__________ А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы "11" 12

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "11" желтоқсан
№ 333 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Спорт түрлерінің атауы

Топтар

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы

Гір спорты

Ауыр атлетика

Биатлон

Голбол

Аударыспақ

Кекушинкай каратэ

Байдарка мен каноэде есу

Сноуборд

Дзюдо

Жамбы ату

Кикбоксинг

Батутта секіру

Тау шаңғы спорты

Жеңіл атлетика

Жекпе-жек

Киокушинкай-кан каратэ

Бокс

Фристайл могул

Үстел теннисі

Қазақ күресі

Қол күресі

Волейбол

Шаңғы жарысы

Жүзу

Көкпар

Полиатлон

Грек-рим күресі

Шайбалы хоккей

Пауэрлифтинг

Тоғызқұмалақ

Радиоспорт

Дзюдо

Шорт-трек

Оқ ату


Спорттық бағдарлау

Еркін күресі


Шаңғы жарысы


Таеквондо ITF

Жеңіл атлетика





Жүзу





Көркем гимнастика





Семсерлесу





Слаломды байдаркамен каноэде есу





Таеквондо WTF





Үстел теннисі




"В" тобы

Автомобиль спорты

Баскетбол

Конькимен жүгіру спорты


Аламан бәйге

Аралас ұрыс жекпе-жегі ММА, грепплинг, панкратион

Велосипед спорты

Мәнерлеп сырғанау


Жорға жарыс

Каратэ шинкиокушинкай

Қол добы

Шаңғы қоссайысы


Қыз қуу

Қол күресі (паралимпиадалық емес)

Оқ ату

Шаңғымен трамплиннен секіру


Теңге алу

Пауэрлифтинг

Спорттық гимнастика




Самбо

Су добы




Спорттық аулаушылық

Футбол




Спорттық туризм





Сурдо жеңіл атлетика





Шахмат (паралимпиадалық емес)





"С" тобы

Акробатика

Ат спорты

Керлинг


Құнан бәйге

Акробатикалық жолда секіру

Бадминтон




Би спорты

Регби




Джиу-джитсу

Суға секіру




Допты хоккей

Үйлесімді жүзу




Сурдо шайбалы хоккей

Теннис




Шахмат





      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      WTF - World Taekwondo Federation (Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы)

      ITF - International Taekwondo Federation (Халықаралық таеквондо федерациясы)

      ММА - Mixed Martial Arts (Аралас ұрыс жекпе-жектер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады