"Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінде:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жоспарлы кезеңге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде қолданыстағы заңнама жағдайында ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Салықтық түсімдер";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Республикалық бюджет есебіне жатқызылатын басқа да төлемдерге:

      қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;

      радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым;

      телевизиялық және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат құжаттарын, келісімдер бергені үшін алым;

      сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі орналастырғаны үшiн төлемақы;

      азаматтық авиация саласындағы сертификаттарды бергені үшін алым;

      республикалық бюджет есебіне жатқызылатын тіркеу алымы;

      мемлекеттік баж;

      ойын бизнесіне салынатын салық;

      өзге де салықтар жатады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Салықтар емес түсімдер";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдерді болжау кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті ұсынған болжамды көрсеткіштер алынады.";

      36-тармақ алып тасталсын;

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Трансферттердің түсімдері";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен түсетін трансферттер (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алып қоюлар) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.";

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне түсімдерді болжау";

      1-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне түсетін түсімдерді болжау негіздері";

      39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Жалпы сипаттағы трансферттерді белгілеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің көлемін айқындау кезінде салықтық әлеуетті есептеудің мынадай әдістері қолданылады:";

      8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Салықтық түсімдер";

      8-параграфтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебіне жатқызылатын басқа да төлемдер";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебіне жатқызылатын басқа төлемдерге:

      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

      орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақы;

      белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

      жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) оны ұзартқаны үшін алым;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебіне жатқызылатын тіркеу алымы;

      тіркелген салық;

      мемлекеттік баж;

      басқа да салықтар жатады.";

      9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Салықтық емес түсімдер";

      10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер";

      61-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер мен жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан төлемақы болжамдары мынадай формула бойынша болжанатын жылға инфляция деңгейін ескере отырып ағымдағы жыл бойынша олардың түсімдерін бағалауды негізге ала отырып жүзеге асырылады:";

      11-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Трансферттердің түсімдері";

      62-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне трансферттер түсімдері:";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Жалпы сиппатағы трансферттер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есептеледі.";

      65-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына алып келетін Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.";

      12-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді болжамдау;

      мынандай мазмұндағы 83-1 және 83-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "83-1. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға баламалы салық бойынша түсімдер болжамын есептеу осы Әдістемеге 27–қосымшаға сәйкес нысан бойынша мына формула бойынша жүргізіледі:

      ANp = (Vp*Zr-W+ Vr)*S,

      мұндағы:

      ANp – жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың болжамды сомасы;

      Vp – мұнайды, газ конденсатын сатудың болжамды көлемі;

      Zr – сатудың болжамды орташа бағасы;

      W – салық заңнамасында көзделген шегерімдер;

      Vr – Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 246-бабына сәйкес сыйақылар;

      S – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 768-бабына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық мөлшерлемесі.

      83-2. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына қатысты теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне – 7,5 қайта есептеледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 27-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушының
2018 жылғы 26 ақпан № 76
бұйрығына
Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне
27 – қосымша
Нысан

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға баламалы салығынның түсімдері болжамының есебі


Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

есеп

бағалау

болжам

1

2

3

4

2

1

Мұнай және газ конденсатын жеткізу көлемі

мың тонна




2

Өнімді сатудың орташа бағасы

теңге

11- жол*7,5*12 -жол

11- жол*7,5*12- жол

11 -жол*7,5*12 -жол

3

Өнімді сатудан түскен кіріс

мың теңге

1- жол*2- жол

1- жол*2- жол

1- жол*2- жол

4

Салық салу объектісі

мың теңге

7-жол - 6-жол

3- жол * 5 -жол/100

3 -жол * 5 -жол/100

5

Шегерімдердің үлес салмағы

%

4 -жол *100/3- жол

3 -бағ. 5 -жол

4- бағ. 5 -жол

6

Шегеруге жататын салықтар

мың теңге

ПҚӨС, рента салығы, ЭКБ

ПҚӨС, рента салығы, ЭКБ

ПҚӨС, рента салығы, ЭКБ

7

Салық салынатын табыс

мың теңге

9 -жол/8- жол*100

4 -жол-6 -жол

4 -жол-6- жол

8

Салық ставкасы

%

салық кодексіне сәйкес

салық кодексіне сәйкес

салық кодексіне сәйкес

9

ЖҚПБС сомасы

мың теңге


7- жол * 8 -жол/100

7 жол * 8 жол/100

10

Сыйақылар


Салық кодексінің 246-бабына сәйкес

Салық кодексінің 246-бабына сәйкес

Салық кодексінің 246-бабына сәйкес

11

АҚШ долларына қатысты теңгенің бір жылғы орташа бағамы





12

Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы),бір баррель үшін АҚШ доллары





      Примечание:

      *- көбейту белгісі;

      / -бөлу белгісі;

      - -алу белгісі;

      + -қосу белгісі;

      ПҚӨС – Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;

      ЭКБ – Экспорттық кедендік баж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады