2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
159 және 160-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"159. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күніне дейін аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Тиісті бюджетті атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнiң және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейін тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган шығыстарының жеке бағыттарын жергілікті бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңмен (облыстық мәслихат шешімімен) белгіленген ең аз көлемдерден төмен қаржыландыру кезінде, белгіленген сомадан, оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасын жоғары тұрған бюджетке қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынылатын төлемге берілетін шот негізінде аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, белгіленген соманың, оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
160. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейге берген кезде нысаналы трансферттерді аударудың толықтығына бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуына бақылауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.
Жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңмен (облыстық мәслихат шешімімен) белгіленген ең аз көлемдерден төмен қаржыландыру кезінде, белгіленген сомадан, оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасын аударудың толықтығын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді, ал уақтылы аударылуына бақылауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы "____"___________ | "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _____________ Р. Дәленов 2018 жылғы 27 маусым |