Байланыс формасы

"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 865 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17569 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:

      29-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) басқаруы: конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу (өткізбеу), конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін ауыстыру, шарттар жасаспау, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі, төлем құжаттарын ұзақ келісу, жоспарланған іс-шараларды уақтылы өткізбеу, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өнім берушілер нарығын сапасыз талдау, казынашылық органында тіркеуге арналған шарттардың кеш ұсынылуы, қазынашылық органына төлемге шоттың кеш ұсынылуы, құжатты орындамай қайтару (дұрыс ресімдемеу, ерекшелікті дұрыс қолданбау, ақша алушылардың деректемелерінің сәйкес келмеу себебі бойынша және басқалар), аванстық төлем мөлшерінің азаюы, шарттың келісу сатысында болуы, конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі, техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржы-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтерінкі құндық және сандық көрсеткіштер жатады;";

      34-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өткен қаржы жылында бөлінген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы жылы түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін түгел пайдалану туралы талдамалық есеп осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес;";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің атқарылуын талдау";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің атқарылуын талдауды республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептілік және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттар негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің іске асырылуы туралы талдамалық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне және қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25-і күніне осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.";

      42- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. 2-НТО нысаны бойынша облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп пен осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылуы туралы талдамалық есеп АЖ пайдалана отырып жасалады.";

      44, 45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер мен облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылуы туралы талдамалық есептердің шығу нысандары қағаз тасығыштарда ұсынылады және оларға негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар (тегі және аты-жөні) таратылып жазылады.

      45. Облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептеріндегі және облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылуы туралы талдамалық есептердегі барлық құн көрсеткіштері теңгеде толтырылып, сонымен қатар шығыс нысандарында бір ондық белгімен мың теңгеде көрсетіледі.

      46. Облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің атқарылуын талдау нәтижелері бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган басшылығының қаперіне жеткізіліп отырады.";

      50-тармақтың 3) тармақшасының екінші бөлігінің жиырма сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстық бюджеттерге, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша;";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 20-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстардың, астана, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттерінің іске асырылуы туралы талдамалы есеп";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 21-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "_____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 865 қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
21-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп _________ қаржы жылындағы есепті кезең

      Индекс: нысан:4-РББ

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      Бюджеттік бағдарлама әкімшілері

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына)

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі: есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейін

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы ______________________________

      __________________________________________________________________________

      Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бюджеттiк бағдарламаның түрi:

      мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай_____________________________________

      мазмұнына қарай _____________________________________________________

      iске асыру тәсiлiне қарай _______________________________________________

      ағымдағы/даму _______________________________________________________

      Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты_________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бюджеттік бағдарламалардың сипаты__________________________________________

      __________________________________________________________________________

Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-баған - 3- баған)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

мың теңге






Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

мың теңге






Бюджеттiк бағдарламаның түпкiлiктi нәтижесі







      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың коды және атауы______________________________

      __________________________________________________________________________

      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың түрі:

      мазмұнына қарай: ___ ____________________________________________________

      ағымдағы/даму _________________________________________________________

      Бюджеттік кіші бағдарламалардың сипаты _____________________________________

      __________________________________________________________________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-баған - 3- баған)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама/кіші бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7













Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-баған - 3- баған)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

Мың теңге






Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

Мың теңге






      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың коды және атауы _____________________________

      __________________________________________________________________________

      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың түрі:

      мазмұнына қарай: __________________________________________

      ағымдағы/даму ___________________________________________

      Бюджеттік кіші бағдарламалардың сипаты ____________________________________

      __________________________________________________________________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші :

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-баған - 3- баған)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама/кіші бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7













Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ.- 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған/ 3-баған х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

Мың теңге






Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

Мың теңге






      Бюджеттік бағдарламалар

      әкімшісінің басшысы немесе

      Мәслихат хатшысы немесе

      ревизиялық комиссияның төрағасы __________ _____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Бас бухгалтер __________ _____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 49-тармағына сәйкес нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады