"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты;
2) 2-қосымшаға сәйкес, автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты Астана қаласының автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері белгіленсін.
2. "Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 307/45-V шешімінің (Нормативтік қықықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 877 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қантардағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының | |
сессия төрағасы | Е. Сыдыков |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 325/41-VI шешіміне 1-қосымша |
Астана қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Р/с № | Автотұрақтардың (паркингтердің) үлгілері мен түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты |
1. | Ақылы негізде көлік құралдарын сақтау бойынша қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) | I санат |
2. | Тегін негізде көлік құралдарын сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) | II санат |
3. | Кідіртілген көлікті сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) | III санат |
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 325/41-VI шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты Астана қаласының автотұрақтары (паркингтері) орналасқан жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері
Р/с № | Автотұрақтың (паркингтің) санаты | Тұрғын үй қорының, оның ішінде құрылыстар және құрылғылар орналасқан жерлерді қоспағанда Астана қаласындағы жерлерге базалық мөлшерлемесі 1 ш.м. үшін (теңге) | Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық мөлшерлемелерінің ұлғаю мөлшері (рет) | Ұлғаю мөлшерінің есебімен Астана қаласында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық мөлшерлемесі 1 ш.м. үшін (теңге) |
1. | I санат | 19,30 | 10 | 193,0 |
2. | II санат | 19,30 | 1 | 19,30 |
3. | III санат | 19,30 | 1 | 19,30 |