"Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" Ақмола облыстық маслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 6529 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6255 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
А.Ерденова
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Малғаждаров

      16.03.2018

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Т.Ошақбаев

      16.03.2018

      "Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
басшысы
Р.Әубәкіров

      16.03.2018

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады