Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 07.12.2018 № С-25/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6095 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жана редакцияда баяндалсын:
"Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы";
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
""Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, 19-шы кезекті сессиясының төрағасы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі |
Е.Маржықпаев |
2018 жылғы "20" наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б.Каримов |
2018 жылғы "20" наурыз
Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/11 шешiміне қосымша |
|
Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/ 3 шешiміне қосымша |
Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ р/с | Салық салу объектiсiнiң атауы | Тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері (айлық есептiк көрсеткiштермен) |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2,5 |
4 | Ойын жолы | 40 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелi | 9 |