Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қазанда № 6095 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № С-25/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 07.12.2018 № С-25/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 20.03.2018 № С-19/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 20.03.2018 № С-19/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 20.03.2018 № С-19/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының 14–ші
кезектен тыс сессиясының
төрағасы
М.Тукеев
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының
әкімі
Е.Маржықпаев

      2017 жылғы "19" қыркүйек


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
Б.Каримов

      2017 жылғы "19" қыркүйек

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ С-14/ 3 шешiміне
қосымша

Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 20.03.2018 № С-19/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

№ р/с

Салық салу объектiсiнiң атауы

Тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері (айлық есептiк көрсеткiштермен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2,5

4

Ойын жолы

40

5

Карт

5

6

Бильярд үстелi

9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады