Атбасар қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № а-4/151 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 6607 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атбасар қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:

      ересектерге - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;

      жетіден он бес жасқа дейінгі балаларға - 30 (отыз) теңге мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Қамбатыровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі А.Қалжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б.А.Борұмбаев

      "19" сәуір 2018 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады