Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 5962 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 қазанда № 3-1-211 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге 80 (сексен) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.

      2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 692а "Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4287 болып тіркелген, 2015 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Қасымовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова
      2018 жылғы "28" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады