Алға ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 151 шешімі. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 наурызда № 3-3-153 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 29.12.2021 № 120 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
И. Рущук
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады