Алматы облысында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-174 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 8 тамызда № 4780 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес екі есе арттырылсын.

      2. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 16-101 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2026 тіркелген, 2009 жылдың 17 ақпанында "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Аграрлық сала, жер қатынастары, экология және ветеринария мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т. Сарпеков
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы С. Дүйсембінов

  Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-174 шешіміне қосымша

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері

1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет.№

Ластаушы заттардың
түрлері

1 тонна үшін
төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм
үшін төлемақы мөлшерлемелері
(АЕК)

1

2

3

4

1

Күкірт тотықтары

20


2

Азот тотықтары

20


3

Шаң және күл

10


4

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5

Күкіртсутек

124


6

Фенолдар

332


7

Көмірсутектер

0,32


8

Формальдегид

332


9

Көміртегі тотықтары

0,32


10

Метан

0,02


11

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13

Аммиак

24


14

Алты валентті хром

798


15

Мыс тотықтары

598


16

Бенз(а)пирен


996,6

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет.

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1

Көмірсутектер

44,6

2

Көміртегі тотықтары

14,6

3

Метан

0,8

4

Күкірт диоксиді

200

5

Азот диоксиді

200

6

Күйе

240

7

Күкіртсутек

1240

8

Меркаптан

199320

3. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет.

Отын түрлері

Пайдаланылған
отынның 1 тоннасы
үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2

Дизель отыны үшін

0,90

3

Сұйытылған, сығылғангаз, керосин үшін

0,48

4. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет.

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1

Нитриттар

1340

2

Мырыш

2680

3

Мыс

26804

4

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5

Тұзды аммоний

68

6

Мұнай өнімдері

536

7

Нитраттар

2

8

Жалпы темір

268

9

Сульфаттар (анион)

0,8

10

Өлшенген заттар

2

11

Синтетикалықбетүсті-белсендізаттар

54

12

Хлоридтер (анион)

0,2

13

Алюминий

54

5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет.

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна
үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

сыныпталмағандар

0,90


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

Аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

Жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

Байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

Шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

Ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

5-1. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады