Бартоғай ауылдық округінің Байсейіт ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 54 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 22 қаңтарда № 5024 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бартоғай ауылдық округінің Байсейіт ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы, Бартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бартоғай ауылдық округінің Байсейіт ауылындағы "Новостройка-1" көшесі "Достық" көшесіне, "Садовая" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "Клубная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне, "Новостройка-2" көшесі "Жастар" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бартоғай ауылдық округінің әкімі Т. Умербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады