Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 281 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 маусымда № 4812 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 505 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 21.02.2020 № 505 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Мұхамедғалиева
      Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 281 шешіміне
қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады