Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 25/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 4831 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 07/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 19.02.2019 № 07/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) 1 қосымшаға сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

      2) 2 қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

      3) 3 қосымшаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

      4) 4 қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде мүгедектер үшін 2 % - дан бастап 4 % - ға дейінгі мөлшерде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманжоловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әбеуова

  1 қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
"06" маусым 2018 жыл
№ 25/01 қаулысына

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі "Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

1

2

2

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі "Күләш Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

1

1

  2 қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
"06" маусым 2018 жыл
№ 25/01 қаулысына

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Балхашбалык" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

162

1

2

  3 қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
"06" маусым 2018 жыл
№ 25/01 қаулысына

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

1

1

2

"Балхашбалык" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

162

1

2

  4 қосымша
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
"06" маусым 2018 жыл
№ 25/01 қаулысына

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі "Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

3

5

2

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі "Күләш Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады