Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 07/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 5194 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 57/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 23.12.2019 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

      2) 2-қосымшаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1%-дан бастап 3%-ға дейінгі мөлшерде;

      3) 3-қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде мүгедектер үшін 3 пайыз мөлшерде.

      2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 25/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 03 шілдеде электрондық түрде, 2018 жылдың 06 шілдеде № 28 (7658) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Абеуова

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "___"___________
№ ______ қаулысына
1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

1

1

2

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

1

1

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "___"___________
№ ______ қаулысына
2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

3

2

2

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

1

1

3

"Тоқырауын Су Жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

3

2

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "___"________
№ ______ қаулысына
3-қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

143

3

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады