Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 21/180 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 4762 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/365 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 39/365 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 543, 544, 545 баптарына және 546 бабының 3 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Шет аудандық мәслихатының 2013 жығы 4 сәуірдегі "Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 12/117 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырдағы № 20 (10433) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Шакиржанова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Төлеуқұлов

  Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 5 мамырдағы
ХХІ сессиясының № 21/180
шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 04.10.2018 № 24/208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

1

Бір ойыншы мен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

5

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

7

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

Айлық есептік көрсеткіш

2

4

Ойын жолы

1

Айлық есептік көрсеткіш

50

5

Карт

1

Айлық есептік көрсеткіш

10

6

Бильярд үстелі

1

Айлық есептік көрсеткіш

10

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

1

Айлық есептік көрсеткіш

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады