Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 21/180 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 24/208 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қазанда № 4985 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/365 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 39/365 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 543, 544, 545 баптарына және 546 бабының 3 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 21/180 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4762 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 мамырда, 2018 жылдың 24 мамырында "Шет Шұғыласы" № 22 (10694) газетінде жарияланған), мынандай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Балғабек
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Төлеуқұлов

  Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 4 қазандағы
ХХІV сессиясының
шешіміне № 24/208 қосымша
  Аудандық мәслихаттың
  2018 жылғы 5 мамырдағы
  XXI сессиясының
  № 21/180 шешіміне
  қосымша

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

1

Бір ойыншы мен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

5

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

7

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

Айлық есептік көрсеткіш

2

4

Ойын жолы

1

Айлық есептік көрсеткіш

50

5

Карт

1

Айлық есептік көрсеткіш

10

6

Бильярд үстелі

1

Айлық есептік көрсеткіш

10

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

1

Айлық есептік көрсеткіш

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады