Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы XХI сессиясының № 21/215 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 4849 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/397 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 24.06.2020 № 39/397 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Приозерск қалалық мәслихатының "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 24 қаңтардағы № 90/16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-133 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпандағы № 6(153) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дүйсембаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сәрсембеков

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Приозерск қаласы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасының

      басшысы

      "27" 06 2018 жыл Б. Дүйсенов

  Приозерск қалалық мәслихатының
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 21/215 шешіміне
қосымша

Тіркелген салықтың мөлшерлемелері

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

4

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады