2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 54 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 6176 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Сырдария ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. "Сырдария ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Д.Ахетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" ақпандағы №54 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы

1.

Тауарлар:

1)

Мектептерге физика кабинеттерін сатып алу

2.

Жұмыстар:

1)

Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы "Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі" жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 39,3 шақырымында орналасқан көпірін күрделі жөндеу.

2)

Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы "Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі" жергілікті маңызы бар автомобиль жолының 33,9 шақырымында орналасқан көпірін күрделі жөндеу.

3.

Көрсетілетін қызметтер:

1)

"Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердегі қызметкерлерді міндетті медициналық қарап тексеру қызметі (оның ішінде ақылы түрде міндетті медициналық қарап тексеруден өтпейтін әкімшілік шаруашылық қызметтің жұмыскерлерін қоспағанда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады