Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 06.05.2022 № 22/27 шешімімен (1.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5тармағына, 704-бабының 3-тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.