Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 19/212 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қарашада № 3717 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 4 қазандағы 2022 жылғы № 18/150 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3030 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 сәуірде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабы 5 тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы С.Зәкенов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________ Ж.Роман

      "18" қазан 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік

      кірістер комитеті Маңғыстау

      облысы бойынша Мемлекеттік

      кірістер департаментінің Ақтау

      қаласы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      ______________Б.Омаров

      "18" қазан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады