"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 704-бабы, 3-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Сессияның төрағасы | Қ. Мұқанов |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қарасу
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Қ. Рахметов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________ Д. Тұрсынбаева