Бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 11 маусымдағы № 171 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 маусымда № 7911 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 704-бабы 3-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы,
      аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ М. Бекпасов

      "11" маусым 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ________________ Қ. Жүнісов

      "11" маусым 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады