Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 7599 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылдын 16 мамырдағы № 28 шешімнің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6473 тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда "Маяк" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы Н. Руднева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Таран ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _________ С. Красноголов

      "28" ақпан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады