Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы "Ақсу қаласының Весенняя, Полевая, Целинная, Майская, Березовая көшелерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 қарашада № 6125 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы "Ақсу қаласының Весенняя, Полевая, Целинная, Майская, Березовая көшелерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5855 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. А. Мусинге жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Ыбыраев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2018 жылғы "26" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Ақсу қалалық
      аумақтық инпекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Батаев
      2018 жылғы "26" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады