Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы "Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 1-03/05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қыркүйекте № 6058 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 2-19/693 ұсынымы негізінде, Достық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың кешенді жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы "Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешім тақырыбында және 1 тармақта "және Пограничник" сөздері алынсын, "ауылдарының" сөзі "ауылының" сөзімен ауыстырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Достық селолық
      округінің әкімі Р. Жаксылыков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Ақсу қалалық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Г. Батаев
      2018 жылғы "10" қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қаласының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Нуржанов
      2018 жылғы "10" қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2018 жылғы "10" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады