Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы мен ауылдық аймағының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларының (сұлбаларының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласы ауылдық аймақтары бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" № 301/34 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4293 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 ақпанда жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Садвакасов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Куспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 302/35 шешіміне қосымша |
Жер салығы базалық мөлшерлемелерінің өсу пайыздары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 08.01.2021 № 498/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Жерлердің орналасу аймағы | Өсу пайызы |
Екібастұз қаласы | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
ІV | +40% |
Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Төрт-Құдық ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Шиқылдақ ауылы | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Теміржол ауылдық округі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Бәйет ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Қоянды ауылдық округі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Екібастұз ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Ақкөл ауылдық округі | |
ІІ | +50% |
Сарықамыс ауылдық округі | |
I | +20% |
ІІ | +50% |
ІV | +50% |
Солнечный поселкесі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
Шідерті поселкесі | |
I | +50% |
ІІ | +50% |
жер қоры | |
I | +50% |
ІІ | +30% |