Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 26.10.2022 № 195/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
3. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5184 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдеде аудандық "Туған өлке" және "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) № 24/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының элеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Тлебалдина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |