Май ауданы Саты ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Саты селолық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 5825 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Саты ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Саты селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Саты ауылының "50 жылдық Октябрь" көшесі "Астана" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саты селолық округінің әкімі Ә. Дүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады