Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/52 қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 2/209 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 1479 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/52 қаулысы 2 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 1120 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 4/512 "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/52 қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысы бұзылсын.

      3. "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді ресми баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады