Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 сәуірде № 4675 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.04.2022 № 16/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.04.2022 № 16/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.04.2022 № 16/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3577 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланды);

      "Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4149 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде жарияланды).

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХ сессияның төрағасы,
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 20.04.2022 № 16/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық беткі-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2.

жанасқан таужыныстары

0,026


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,76

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,38

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,04

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады