"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 сәуірде № 27760 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2022 жылғы 20 сәуірдегі
  № 16/3 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2018 жылғы 13 сәуірдегі
  № 20/17 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық беткі-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2.

жанасқан таужыныстары

0,026


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,76

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,38

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,04

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады