Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 31.03.2020 № 37-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.03.2022 № 9-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдермен.1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, және 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын.
Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 08.04.2021 № 2-14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 11.03.2022 № 9-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін көрсетілген шешімнің 1 тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының ХХ сессиясының төрағасы |
Р. Исин |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
С. Мұқанов |