Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 9-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 наурызда № 27169 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы
Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады