Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.08.2020 № 532-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Р.Сұлтанияев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс | |
ХХVІ сессиясының төрағасы | М. Қуаншалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жүгінісов |