Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/241-6с шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 15 маусымда № 4635 болып тiркелдi. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 68/602-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды Шымкент қаласы мәслихатының 24.07.2020 № 68/602-6с шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 546 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/183-4с "Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-92 тіркелген, 2009 жылдың 10 сәуірдегі "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/328-5с "Біріңғай тіркелген салық ставкалары туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/183-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3165 тіркелген, 2015 жылы 8 мамырда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Х.Ахматханов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Н.Бекназаров

  Шымкент қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 28/241-6с шешіміне қосымша

Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

4

4

Ойын жолы

25

5

Карт

12

6

Бильярд үстелі

12

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады