Мақтарал ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 4412 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 наурыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 18.03.2019 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ.Исмаилов

  Мақтарал ауданы әкімдігінің
"8" қаңтар 2018 жылғы
№ 1 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"AIIG Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

499

2%

10

2.

"Бағара-Мақта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

305

2%

6

3.

Мақтарал ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтарал-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

241

2%

4

4.

"Корпорация Ақ-Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105

2%

2

5.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

194

2%

3

6.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

183

2%

3

7.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асықата" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

271

2%

5

8.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

374

2%

7


Барлығы

2172


40


  Мақтарал ауданы әкімдігінің
"8" қаңтар 2018 жылғы
№ 1 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Мақтарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"AIIG Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

499

2%

10

2.

"Бағара-Мақта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

305

2%

6

3.

Мақтарал ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтарал-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

241

2%

4

4.

"Корпорация Ақ-Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105

2%

2

5.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

194

2%

3

6.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

183

2%

3

7.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асықата" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

271

2%

5

8.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

374

2%

7


Барлығы

2172


40


  Мақтарал ауданы әкімдігінің
"8" қаңтар 2018 жылғы
№ 1 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Мақтарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"AIIG Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

499

2%

10

2.

"Бағара-Мақта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

305

2%

6

3.

Мақтарал ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мақтарал-Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

241

2%

4

4.

"Корпорация Ақ-Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105

2%

2

5.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

194

2%

3

6.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

183

2%

3

7.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асықата" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

271

2%

5

8.

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

374

2%

7


Барлығы

2172


40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады