Мақтарал ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 21 ақпандағы № 220 қаулысы және Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 25-184-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 6 наурызда № 4466 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жер қатынастары бөлімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес шекаралары өзгертілсін:

      1) 3,55 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Елқоныс ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 30,73 гектар;

      2) 7,99 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Өркениет ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 18,83 гектар.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ.Исмаилов
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: О.Шылмұрзаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: М.Жайлымшиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады