Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 30/3-06 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қазанда № 4753 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 510-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/4-05 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2379 тіркелген) Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 бабында белгіленген елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелері арттырылсын:

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13 аймақтарда, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 пайызға.

      2. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген кұнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы Л.Ешенқұлова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады