Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/228-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 5627 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 587-бабының 1, 3-тармақтарына, 588-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін мынадай төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін:

      1) 1 қосымшаға сәйкес шайыр мен ағаш шырындарын дайындау үшін;

      2) 2 қосымшаға сәйкес қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;

      3) 3 қосымшаға сәйкес орманды жанама пайдалану үшін;

      4) 4 қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық, ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану үшін;

      5) 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіруге пайдалану үшін.

      2. 6 қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/228-VІ шешіміне
1 қосымша

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр мен ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

№ р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1. Шайыр дайындау (қылқан жапырақты)

1

Ұзақ мерзімді орман пайдалану
кезінде

тонна

20,0

2. Ағаш шырындарын дайындау (жапырақты)





2

Ұзақ мерзімді орман пайдалану
кезінде

тонна

1,5

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/228-VІ шешіміне
2 қосымша

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері


р/с

Ағаш-бұта тұқымдастарының
атаулары

Қосалқы ағаш ресурстарының түрлері (АЕК)

Қабықтары,
тонна

Бұтақтары,
жималы
текше метр

Томарлары, тамырлары,
жималы
текше метр

Бүршіктері,
кг

 
Жапырақтары,
тонна

1

Қарағай

0,21

0,42

0,011

0,021

0,21

2

Шренк шыршасы

0,27

0,54

0,014

0,027

0,27

3

Сібір шыршасы, майқарағай

0,16

0,32

0,008

0,016

0,16

4

Самырсын

0,15

0,30

0,008

0,015

0,15

5

Балқарағай

0,23

0,46

0,012

0,023

0,23

6

Ағаш тектес арша

0,27

0,54

0,014

0,027

0,27

7

Емен, шаған

0,41

0,82

0,021

0,041

0,41

8

Қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,14

0,28

0,007

0,014

0,14

9

Сексеуіл

0,60

1,20

0,030

0,060

0,60

10

Қайың

0,16

0,32

0,008

0,016

0,16

11

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,11

0,22

0,006

0,011

0,11

12

Грек жаңғағы, пісте

0,35

0,70

0,018

0,035

0,35

13

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

0,23

0,46

0,012

0,023

0,23

14

Арша, самырсын өскіні

0,18

0,0,36

0,009

0,018

0,18

15

Жыңғыл

0,25

0,50

0,013

0,025

0,25

16

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін,
шеңгел және өзге де бұталар

0,12

0,24

0,006

0,012

0,12

Ескертпе: Майқарағай мен қайыңның бұтақтарын дайындау бөлінген кеспе ағаш аймағындағы кесілген ағаштардан дайындалады.

      Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэфиценттер қолданылады:

      1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

      10 км-ге дейін - 1,30;

      10,1 - 25 км - 1,20;

      25,1 - 40 км - 1,00;

      40,1 - 60 км - 0,75;

      60,1 - 80 км - 0,55;

      80,1 - 100 км - 0,40;

      100 км-ден көп - 0,30.

      Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш аймағының ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдармен айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

      жазық бедер - 1,1;

      жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

      таулы бедер - 1,5;

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/228-VІ шешіміне
3 қосымша

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды жанама пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

№ р/с

Орман пайдаланудың және ресурстардың түрлері

Шикізат түрі

Өлшем бірлігі***

Жеке тұлғалар үшін тегін жинау мен дайындау нормасы****

Төлемақы мөлшерлемелері АЕК, тегін нормадан жоғарғы немесе коммерциялық мақсатқа пайдалану үшін өлшем бірлігіне


1. Дайындау және жинау:

1) жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер

1

Балқарағай жаңғағы*

таза жаңғақ

кг

10

0,008

2

Шекілдеуікті, сүйекті жемістер (долана, шәңгіш, шетен, мойыл және т.б.)

жемісі

кг

10

0,03

3

Саңырауқұлақтар

сағағы

кг

25

0,02

4

Жидектер (құлпынай, таңқурай, қарақат, қара жидек және т.б.)

жидегі

кг

15

0,03

*Ескерту: Балқарағай бүршігін таза жаңғаққа аудару кезінде 3/1 коэффиценті қолданылады.

2) дәрілік өсімдіктер

1

Батпақ иірі

тамыры

кг

6

0,02

2

Қалың жапырақты шағыр

шөбі

кг

3

0,02

3

Құм салаубасы

гүлі

кг

3

0,04

4

Кіші маралоты

шөбі

кг

5

0,02

5

Бұрыш самалдық (субұрыш)

тамыры

кг

5

0,03

6

Айланшөп самалдық

тамыры

кг

5

0,03

7

Құс самалдық (таспа жоңышқа)

тамыры

кг

5

0,03

8

Биік андыз

тамыры

кг

3

0,03

9

Дәрі балдырған

тамыры

кг

5

0,01

10

Кәдімгі жұпаргүл

шөбі

кг

3

0,02

11

Шілтер жапырақты шайқурай

шөбі

кг

3

0,03

12

Жіңішке жапырақты күреңот (иван - шай)

шөбі

кг

4

0,01

13

Қос үйлі қалақай

шөбі

кг

3

0,01

14

Дәрілік сиырсілекей

тамыры

кг

3

0,02

15

Тиынтақ

шөбі

кг

2

0,08

16

Шегіршін жапырақты тобылғы

шөбі

кг

3

0,01

17

Алты күлтелі тобылғы

шөбі

кг

3

0,01

18

Тік тұратын
қазтабан

шөбі

кг

3

0,01

19

Дәрілік балшатыр

шөбі

кг

2

0,08

20

Көктемгі шешек гүлі

шөбі

кг

2

0,02

21

Үлкен бақа жапырақ

шөбі

кг

3

0,02

22

Ащы жусан

шөбі

кг

3

0,01

23

Жұмыршақ (кәдімгі)

шөбі

кг

3

0,01

24

Көкшіл шөп

тамыры

кг

2

0,04

25

Тегіс мия

тамыры

кг

2

0,03

26

Үлкен сүйел шөп

шөбі

кг

3

0,02

27

Кәдімгі мыңжапырақ

шөбі,гүлшоғы

кг

2

0,02

28

Кәдімгі құлмақ

гүлшоғы

кг

5

0,02

29

Үлкен сүйел шөп

шөбі

кг

3

0,02

30

Үштармақ итошаған

шөбі

кг

3

0,01

31

Қымыздық

шөбі

кг

3

0,02

32

Қырықбуын

шөбі

кг

5

0,03

33

Қос масақты қылша

шөбі

кг

4

0,02

34

Қайың саңырауқұлағы (чага)

жеміс денесі

кг

4

0,0016

Тізімде көрсетілмеген өсімдіктер үшін

шөбі, гүлі, сабағы мен өскінінің жапырағы, жемісі

кг

3

0,02

бүршігі, тамыры

кг

3

0,05

Ескерту: Орман кодексіне сәйкес сирек кездесетін және жойылып кетуге қауіп төніп тұрған өсімдіктерді жинау және дайындауға тиым салынады.

2. Техникалық шикізатты дайындау

1

Мумие алу үшін шикізат

кг

-

0,08

2

Мүк

кг

3

0,05

3

Орман төсеніші және түскен жапырақтар

Жималы текше. м

-

0,05

4

Қамыс

Жималы текше. м

-

0,1

5

Ши және оның басқа да тұқымдастары

Жималы текше. м

-

0,05

6

Жабайы тұяқтылардың түскен мүйіздері

кг

-

0,1

***Ескерту: Есепке салмағы жаңадан жиналған түрі қабылданады.
****Ескерту: Жеке тұлғаларға жинау және дайындау тегін нормасы мемлекеттік орман қорына болу уақытына бару кезеңіне қарамастан 1 рет баруға қолданылады.

3. Шөп шабу

№ р/с

Сапалы жағдайы (өнімділігі)

Өлшем
бірлігі

Айлық есеп көрсеткішіндегі төлемақы мөлшерлемесі

1

Жақсы (8 ц/га бастап және одан жоғары)

га

0,12

2

Орташа (5 бастап 8 ц/га дейін)

га

0,09

3

Нашар (5 ц/га дейін)

га

0,07


4. Мал жаю

№ р/с

Сапалы жағдай (өнімділігі)

Өлшем
бірлігі

Айлық есеп көрсеткішіндегі төлемақы мөлшерлемесі

1

Сапасы мен жағдайына орай барлық түрлеріне

га

0,07

*Ескерту: есепке мал жаю нормасы 1 га (ірі мүйізді малдың ересектер дарағына – 1,5 га, ірі мүйізді малдың жас төлдеріне – 0,75 га, жылқы – 1,0 га, ересек қойлар мен ешкілерге – 0,75 га, қозы – 0,25 га, түйе – 1,5 га) Төлемақы жеке жазда (15 сәуірден 15 қазанға дейін) және қыстыкүні (15 қазаннан 15 сәурге деийін) маусым бойынша қолданылады.


5. Омарталар мен ара ұяларын орналастыру

№ р/с

Пайдалану түрі

Өлшем
бірлігі

Айлық есеп көрсеткішіндегі төлемақы мөлшерлемесі

1

Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде омарталар орналастыру

100 шаршы
метр

0,01

2

Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде омарталар орналастыру

га

1,0

6. Марал шаруашылығы

1

Марал шаруашылығы (жылына)

га

0,07

Алаң бірлігінде маралдарды ұстау тығыздығының нормативін ескерумен

7. Аң шаруашылығы

1

Аң шаруашылығы (жылына)

га

0,9

Алаң бірлігінде аңдарды ұстау тығыздығының нормативін ескерумен

8. Бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

1

Бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы

100 текше
метр

0,05

2

тауарлық ауыл шаруашылық өндірушілерінің өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

Га

0,15

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/228-VІ шешіміне
4 қосымша

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық, ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері


р/с

Пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Айлық есеп көрсеткішіндегі төлемақы мөлшерлемесі

1. Қысқа мерзімді орман пайдалану

1

Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін

га

0,25

2

Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін

га

0,1

2. Ұзақ мерзімді орман пайдалану

1

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін:



1)

Аңшылық алқаптарын пайдалану үшін;

га

тегін

2)

Құрылыстар мен ғимараттарды орналастыру үшін (күзетші үйі, аңшы үйі, шаруашылық құрылыстар)

100 шаршы метр

0,01

2

Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін

га

0,25

3

Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін

га

1,0

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/228-VІ шешіміне
5 қосымша

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіруге пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері


р/с

Пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Айлық есеп көрсеткішіндегі төлемақы мөлшерлемелері

1. Ұзақ мерзімді орман пайдалану

1

Ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіруге

га

тегін

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/228-VІ шешіміне
6 қосымша

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226- IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2522, 2010 жылғы 1 ақпанда "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпанда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды).

      2. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/202-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3133, 2013 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 7 қаңтарда "Рудный Алтай", 2014 жылғы 10 қаңтардағы "Дидар" газеттерінде жарияланды).

      3. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2/18-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4554, 2016 жылғы 3 маусымда "ҚР НҚА эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде, 2016 жылғы 6 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады