РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 505 - бабына, 509 – бабы 3 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабы 1 – тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1 – қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Курчатов қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай, автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2 – қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Курчатов қаласы болып айқындалсын.
4. 3 – қосымшаға сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Э. Батырбеков |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/153-VІ шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№ | Автотұрақтар (паркингтер) түрлері | Санаттары |
1 | Жабық түрдегі жер үстіндегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі жер үстіндегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 - санат |
2 | Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай немесе басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға кіріктіріліп салынған автотұрақтар (паркингтер) | 2 - санат |
3 | Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер) | 3 - санат |
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/153-VІ шешіміне 2 қосымша |
Курчатов қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту |
1 | 1 санат | 10 есе |
2 | 2 санат | 9 есе |
3 | 3 санат | 8 есе |
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/153-VІ шешіміне 3 қосымша |
Курчатов қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2828 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтардағы "7 дней" газетінің № 4 санында жарияланған).
2. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/153-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3232 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "7 дней" газетінің № 18 санында жарияланған).
3. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлердің салық ставкаларын белгілеу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/66-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 28/193-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3506 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы "7 дней" газетінің № 44 санында жарияланған).